Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит аясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен Азия даму банкінің Бас директоры Евгений Жуков кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КЕЗДЕСУ НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ?
Келіссөздердің басты нәтижесі – 2026-2029 жылдары Қазақстанда жалпы құны шамамен 5,5 млрд доллар болатын 15 жобаны іске асыру туралы меморандум. Қаражат энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталмақ.
Негізгі басымдықтар:
ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПАКЕТ
Сондай-ақ тараптар декарбонизация, газ инфрақұрылымы және жылу энергиясын жинақтау технологияларын енгізу мәселелерін талқылады.
Жобаларды қаржыландыруда жеке инвестиция тарту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және тарифтік саясатты жетілдіру тетіктері де қарастырылып отыр.
Жалпы, келісім энергетика секторын жаңартуға және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған ірі инвестициялық пакет ретінде бағаланады.