9-мамыр – Жеңіс күніне орай Мәскеуде өтетін парадқа биыл әскери техника қатыстырылмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресей қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, парадқа биыл әскери техника қатыспайды. Бұдан бөлек, Суворов және Нахимов әскери училищелерінің курсанттары мен кадет корпусы да шараға қатыспайды. Қорғаныс министрлігі бұл шешімді «қазір қалыптасқан жедел жағдаймен» байланыстырды.
Мәскеудегі «Жеңіс парады» қысқартылған нұсқада өтетіні туралы бұған дейін дереккөздеріне сүйеніп журналист Александр Прокопенко мен саясаттанушы Екатерина Шульман айттан. Бұл жөнінде Ресейдің әскери Tlekegram арналары да жазған. Олар Мәскеуде жыл сайын сәуірдің соңында болатын әскери техникалардың парадқа дайындық шаралары биыл өтпегеніне назар аударған.
ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРДЕ МЕРЕКЕ ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ?
Ресейдің кейбір аймақтарында тіпті «Жеңіс күніне» арналған шаралар өтпейтін болған. Нижний Новгород, Саратов, Чуваш, Калуж облысында парад болмайды. Воронеж, Курск, Брянск, Белгород облыстары мерекелік отшашудан бас тартқан. Жергілікті билік шешім қабылдауда «қауіпсіздік мәселесін негізге алдық» деген.
Кейінгі уақыттары Украина қарымта ретінде Ресейдің бірнеше аймағына дрондармен шабылдаған. Туапсе қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жасалған әуе шабуылы салдарынан аймақта төтенше жағдай жарияланған.
Былтыр Мәскеуде өткен әскери парадқа 10 мыңнан астам әскери қызметкер қатысқан. Оның ішінде Солтүстік Корея сарбаздары бар. Сондай-ақ, 200-ге жуық әскери техника Қызыл алаңнан жүріп өткен.
Сол уақытта президент Владимир Путин нацистік Германияға қарсы екінші дүниежүзілік соғысты Ресейдің Украинаға қарсы қазіргі соғысымен салыстырған.