Қазақстандық әскери атташе Әнуар Бәкібай Беларусь пен Польша арасындағы халықаралық тұтқын алмасу аясында босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алмасу 28 сәуірде «беске бес» қағидаты бойынша өтті. Тараптар бір-біріне тыңшылық істері бойынша сотталған немесе ұсталған адамдарды берді. Операцияға бірнеше ел қатысып, келіссөздер шамамен бір жылға созылған.
ӘНУАР БӘКІБАЙ КІМ?
Әнуар Бәкібай Киевте қызмет атқарған және 2025 жылдың жазында Польшада ұсталған. Оған Ресейдің мүддесіне ақпарат жинады деген күдік тағылған. Кейін ол алмасу тізіміне енгізіліп, өзге қатысушылармен бірге босатылды.
Қазақстан билігі бұл алмасуға қатысы жөнінде ресми түрде пікір білдірген жоқ.