180 жылдық тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін Coventry University Қазақстанда тағы бір кампусын ашады. Енді халықаралық үлгідегі дипломды елден шықпай-ақ алуға болады.
Қазақстан үшін маңызы қандай?
Coventry University — жай ғана оқу орны емес, британдық білім беретін жетекші орталықтардың бірі. Университеттің басты ерекшелігі — тәжірибеге негізделген оқыту: мұнда тек дәріс оқып қана қоймайды, нақты экономика секторында және жаһандық компанияларда жұмыс істеуге дайын мамандарды даярлайды.
Әлемдік деңгейде мойындалуы:
Алматыдағы кампус қашан ашылады?
Жаңа кампус 2026 жылдың қыркүйегінде есігін ашады. Ол қаланың іскерлік орталығында орналасады, бұл білім мен бизнестің тығыз байланысын көрсетеді. Оқыту толық ағылшын тілінде жүргізіледі, сабақтарды халықаралық деңгейдегі мамандар береді. Бітірушілер бүкіл әлемде мойындалатын толыққанды британ дипломын алады.
Оқу бағыттары:
Бағдарламалар қазіргі еңбек нарығындағы ең сұранысқа ие салаларға сай әзірленген.
Болашаққа инвестиция: ашық есік күніне қалай қатысуға болады?
Халықаралық деңгейде мансап құруды жоспарлағандар үшін Алматыдағы кампус — үйден алыстамай-ақ сапалы білім алып, Ұлыбританияда оқу мен тұру шығындарын үнемдеудің мүмкіндігі.
Барлық ақпаратты тікелей 2 мамыр күні Алматыдағы ашық есік күнінде алуға болады (Самал-3 шағынауданы, 15/1, Time Square БО), басталуы — 11:00.
Қонақтар оқу бағдарламалары, қабылдау шарттары және мүмкіндіктер туралы толық ақпарат алып, университет өкілдеріне сұрақ қоя алады.