Үкімет брифингінде энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтан Астанада электр энергиясы тарифінің қымбаттауы жөніндегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТАРИФТІҢ ӨСУ СЕБЕБІ
Вице-министрдің айтуынша, Астана электр желілерін тарату компаниясының (Астана РЭК) тарифін көтеру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл тарифті Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітеді.
— Олар қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Тарифтің өсуіне бірнеше себеп бар: қала үлкейіп жатыр, электр желілері мен қосалқы станцияларды жаңарту қажет, сондай-ақ желілік ұйымдардағы қызметкерлердің жалақысы республика бойынша орташа деңгейден төмен, — деді ол.
ОРТАША ТАРИФ ҚАНША?
Сондай-ақ, Есімханов тариф жүйесі дифференциалды екенін атап өтті.
— Қазір біз орта есеппен 22 теңге төлейміз, ал Астанадағы орташа тариф 31 теңге шамасында, — деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы Астанада электр энергиясы тарифі қымбаттауы мүмкін екені, «Астана-РЭК» тиісті өтінім беруге дайындалып жатқаны хабарланған.