8 мамырда Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы өтеді

Ulysmedia
фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өкімде Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы 8 мамырда өтетіні айтылған.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 8 мамыр күні сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген өкім мәтінінде.

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА

Еске салайық, 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдум нәтижесі бойынша Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды. Бұдан былай Қазақстанда екі палаталы парламенттің орнына жаңа парламент – Құрылтай құрылады және вице-президент лауазымы пайда болады.

Бұдан бұрын Қазақстанда Құрылтай сайлау қашан өтетіні және вице-президент қашан сайланатыны хабарланған.