Қазақстанда алтын қанша теңгеге сатылып жатыр

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда алтын бағасы қайта өсті. Ұлттық банктің 7 мамырдағы мәліметінше, бір грамм алтынның құны 68 мың теңгеден асты. Сарапшылар мұны әлемдік нарықтағы қымбат металға сұраныстың артуымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НАРЫҚТАҒЫ БАҒА

Қазақстан Ұлттық банкінің 7 мамыр таңындағы дерегіне сәйкес, бір грамм алтынның бағасы 68 086,45 теңге болды.

Әлемдік нарықта алтын бағасы АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал бейбіт келісімге қатысты жаңа мәліметтер күтілуіне байланысты апталық максимум маңында сақталып тұр.

Спот-нарықтағы алтын бағасы 0,1%-ға өсіп, унциясы 4692,45 долларға жетті. Бұған дейінгі сауда күнінде баға шамамен 3%-ға көтерілген еді.

Ал АҚШ-та маусым айында жеткізілетін алтын фьючерстері 0,2%-ға қымбаттап, унциясы 4701 долларға жетті.

Еске салсақ, биыл 30 сәуірде Қазақстанда бір грамм алтынның бағасы 67 776,38 теңге болған.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін алтынның қымбаттауына кедергі болып отырған факторларды жазғанбыз. АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігі өсіп, доллар нығайып келеді. Бұл мұнай бағасының жоғары болуымен байланысты.

Мұндай жағдай инфляциялық қысымды күшейтіп, табыс әкелмейтін актив ретінде алтынға сұранысты тежейді. Доллардың күшеюі де өзге валютамен есептесетін инвесторлар үшін алтынды қымбаттатады.