Ресей Украинаға қарсы соғыста кемінде 352 мың сарбазынан айырылған

Ulysmedia

Украинаға қарсы соғыста қаза тапқан ресейліктердің саны 352 000-ға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

 "Медуза" және "Медиазона" басылымдарының зерттеуі бойынша, 2025 жылдың соңында Украинадағы соғыста қаза тапқан ресейліктердің саны 352 мыңға жеткен.

Зерттеу "Медиазона" мен BBC-дің Орыс қызметі және еріктілер жасаған тізімдерге негізделген. Бұдан бөлек, мұрагерлік істер жөніндегі ресейлік реестр деректерін де алған.

Зерттеу авторлары қаза болған сарбаздардың аты-жөндерін мұрагерлік тізіммен салыстыра отырып, соғыста қаза тапқандардың жасы мен әлеуметтік тобының реестрге енгізілу ықтималдығын есептеген. Осы коэффициентті пайдаланып, журналистер мұрагерлік іс деректерін қаза болғандардың санына «айналдырған».

352 мың адамның 261 мыңының қазасы – бірден тіркелген, 90 мыңының қазасы 180 күнге кешіктіріліп тіркелген.

Журналистер соғысқа қатысқан шетел азаматтарының қазасын есептемегендерін ескертеді.Зерттеушілер бұл статистикалық болжам екенін де атап өтеді.

«Нақты санды көрсету арқылы біз орта, ең ықтимал мәндер туралы айтамыз», - дейді зерттеу авторлары.

Қазіргі кезде журналистер соғыста қаза болған 217 мыңнан астам ресейліктің аты-жөнін анықтаған.