"Барлығы Еуроодаққа кіру талпынысынан басталды": Путин Арменияны Украинамен салыстырды

Ulysmedia
aa.com.tr

Ресей президенті Владимир Путин Арменияны Украинамен салыстырып, елде Еуроодаққа кіруге байланысты референдум өткізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

5 мамырда Ереванда өткен Армения – Еуроодақ саммитіне байланысты Ресей президенті Владимир Путин пікір білдіріп, Арменияның Еуроодаққа кіру бастамасын Украинамен салыстырды. Бұл жөнінде ол 9 мамыр күні журналистермен болған кездесуде айтты.

«Біз қазір барлығымыз Украинада не болып жатқанын көріп отырмыз. Оның барлығы неден басталды? Украинаның Еуроодаққа кіру талпынысынан басталды», – деді Путин.

Бұдан бөлек, Путин Арменияда Еуроодаққа кіруге байланысты референдум өткізуді ұсынды. Оның сөзінше, бұл Ресей үшін де алдағы қадамдарын айқындау үшін тиімді.

«Менің ойымша, Армения халқы үшін де, басты экономикалық әріптес ретінде біз үшін де, ертерек таңдау жасаған дұрыс. Мысалы, референдум өткізу», – деді ол.

КОНТЕКСТ

Арменияда билік басына премьер-министр Никол Пашинян келгелі Ереван Мәскеуден алшақтап, Брюссельге қарай бет бұрған. 1 сәуірде Путин мен Пашинян Кремльде өткен кездесуі пікір таласқа ұласқан.

Оқи отырыңыз: Пашинян мен Путиннің текетіресі: Армения ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан біржола шыға ма?