Жыл соңына дейін Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер ашылуы мүмкін

Ulysmedia
фото: ашық дереккөзден

Олжас Бектенов жыл соңына дейін Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер ашуды тапсырды, деп хабарлайды ulysmedia

«Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) стратегиялық жоспарына сәйкес, 2050 жылға қарай жолаушылар саны   жылына 12 миллиардтан асады, ал коммерциялық ұшақтардың әлемдік паркі   2034-ші жылға қарай екі есеге артады. Мұндай жағдайда біз   әлемдік авиацияның жаһандық жүйесіне ене отырып,   өз орнымызды иеленуіміз керек. Жаңа халықаралық бағыттарды,   атап айтқанда Еуропалық одақ елдері мен АҚШ-қа   рейстер ашу жұмысын жеделдету қажет. Бұл ретте, билет бағасы   бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Әсіресе, Астанадан ұшатын   халықаралық әуе бағыттарына   ерекше назар аударған жөн», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар халықаралық маршруттық желіні кеңейтуге баса назар аударылды. Осыған орай Көлік министрлігіне  Air Astana компаниясымен бірге   осы жылдың соңына дейін елордамыздан Токио мен Нью-Йоркке, ал 2027 жылы – Астанадан Лондон, Париж, Рим, Вена сияқты Еуропа елдерінің астаналары мен   басқа да қалаларына тікелей әуе қатынастарын ашу тапсырылды.

«Инвесторлар мен туристерді тартамыз десек, бұл –  өте маңызды мәселе»,— деп атап өтті Премьер-министр.