Теңге тағы құнсызданды

Ulysmedia
kapital.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 471,93 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,24 теңгеге қымбат, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РЕСМИ БАҒАМ

Қазақстан Ұлттық банкінің 19 мамырға белгілеген ресми бағамы – 467,58 теңге.

Kurs.kz дерегіне сәйкес, қазіргі таңда Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 470,47 теңгеден сатып алып, 472,61 теңгеден сатып жатыр.

Астанадағы айырбастау орындарында доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 467 теңге болса, сату бағамы 474 теңгеге дейін жетеді. Шымкентте доллар 471,84 теңгеден сатып алынып, 473,93 теңгеден сатылуда.

БҰҒАН ДЕЙІНГІ БАҒАМ

Айта кетейік, бұған дейін 13 мамырдағы саудада доллар бағамы 3,44 теңгеге көтерілсе, 14 мамырда 6,18 теңгеге қымбаттаған. Ал 15 мамырда 3,87 теңгеге, 18 мамырда 2,34 теңгеге төмендеген болатын.