Қытай Украинадағы соғыс үшін Ресей сарбаздарын әскери дайындықтан өткізген

Ulysmedia
ВВС

Қытай Украинадағы соғыс үшін Ресей сарбаздарын әскери дайындықтан өткізген, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Reuters агенттігінің жазуынша, 2025 жылы Қытайда 200-ге жуық Ресей сарбазы әскери дайындықтан өткен. Басылым қолына түскен құжаттарда оқу-даярлық операциясы құпия жүргізілген.

Құжатқа сәйкес, былтыр жылдың соңында төрт бірдей оқу-жаттығу болған. Олар Пекин және Нанкин қалаларындағы әскери академияларда өткен. Ресейлік әскерилер дрондарды басқару, барлау, қарсыластың дронынан қорғануға дайындалған.

Қытайдан оқу-жаттығудан өткен әскерилердің көбісі кейіннен аннексияланған Қырым мен Запорож облыстарындағы әскери қақтығыстарға қатысқан. Кейбірі инструктор ретінде өзге сарбаздарды дайындаған.

Reuters мәліметінше, құпия келісім бойынша, Қытайдың жүздеген сарбазды Ресей аумағында әскери дайындықтан өтуі тиіс болған. Екі ел арасындағы құпия келісім 2025 жылдың шілдесінде жасалған.

Ресми Пекин Ресей әскерін өз аумағында дайындықтан өткізгенін жоққа шығарып отыр. Reuters агенттігінің жолдаған хатына Қытай сыртқы істер министрлігі бейтараптық пен бейбітшілікті қолдайтынын айтқан. Ресей және Қытай қорғаныс министрліктері аталмыш мәселеге байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.