Алматыда JAN Production киностудиясының директоры екі айға қамалды

Ulysmedia
скриншот

Алматыда балаларды киноға түсіреміз деп уәде еткен  JAN Production киностудиясының директоры екі айға қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Stan.kz сайтының жазуынша, Алматыда «JAN Production» киностудиясының директоры екі айға қамауға алынған. Оған жүздеген ата-ананы алдап, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Бұл киностудия балаларды киноға түсіруге уәде етіп, қомақты қаражат жинаған. Ата-аналар келісімшартқа отырып, әрқайсысы бір жарым миллион теңгеден ақша төлеген. Алайда уәде сол күйі орындалмаған. Қазір полициция іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

– Қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл іске қатысы бар күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамау тағайындалып отыр. Қазір ол тергеу изоляторында. Тергеу жалғасады, – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Алданып қалдық деген ата-аналар киностудияның жарнамасына түскен танымал актерлерді де қылмыстық жауапқа тартуды талап етіп отыр.