Автонесие: 761 адамның тізіміндегі орынды басқа адамға сату мүмкін емес - Өнеркәсіпті дамыту қоры

Ulysmedia

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров жеңілдетілген автонесиеге өтінімі тіркелген 761 адамның тізіміндегі орындар сатылып жатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

«Іріктелген тізімдегі орынды сату немесе өзгеге беру мүмкін емес. Ол өтінімде азаматтың бүкіл деректері: ЖСН, аты-жөні тіркелген. Сондықтан бөгде адам оның атынан несие ала алмайды. Сондықтан ондай хабарламаларға сенбеңіздер. Өйткені бұл алаяқтар болуы керек», - деді Ринат Гаппаров брифингіде.

Сондай-ақ, autonesie.kz сайты боттардан қорғалғанын еске салды.

«Боттарға келсек, өтінім беру кезінде антибот жұмыс істейді. Сондықтан боттар өтінімін тіркей алмайды. Бағдарламаның кішігірім олқылықтарын реттегеннен кейін ай сайын жұмыс істейді. Келесі айда қашан басталатынын қосымша хабарлаймыз», - деді Ринат Гаппаров.