Астанада «адам ұрлады» және «өз бетінше билік етті» деген айыппен Орталық Азия мемлекеттерінің бірінің алты азаматты сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
Бас прокуратура таратқан ақпаратқа қарағанда, 2024 жылы 9 желтоқсанда сотталушылардың бірі орындалмаған қызмет үшін ақша талап етіп, жәбірленушіге күн қолданған. Осылайша он 80 мың теңге аударуға мәжбүрлеген.
– Кейін алдын ала сөз байласқан адамдар тобы пайдакүнемдік ниетпен күш қолдану арқылы жәбірленушіні Астана қаласының аумағында ұрлап әкеткен. Мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынылды, – делінген бас прокуратура хабарламасында.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты
Күдіктілердің барлығын кінәлі деп таныған. Бес айыпталушы «адам ұрлау» қылмысы үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Бір күдікті «адам ұрлауға көмектескені үшін» 7 жыл 6 айға сотталған.