Халықтың үштен бірі: Ең көп бала Қазақстанның қай өңірінде тұрады

Ulysmedia
ашық дереккөзден

2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 0 мен 17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады. Бұл ел халқының жалпы санының 33,6 пайызын құрайды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Балалардың басым бөлігі қалада тұрады

Статистикаға сәйкес, балалардың 62,3 пайызы қалалық жерлерде, ал 37,7 пайызы ауылдық аймақтарда тұрады. Жыныстық құрам бойынша ұл балалардың үлесі – 51,4 пайыз, қыз балалардың үлесі – 48,6 пайыз.

Ең көп бала қай өңірлерде тұрады

Қазақстандағы балалар саны ең көп үш өңір:

Түркістан облысы – 910,4 мың бала (13,2%);

Алматы қаласы – 688,9 мың бала (10%);

Алматы облысы – 572,3 мың бала (8,3%).

Бұл өңірлер республикадағы балалар саны бойынша көш бастап тұр.

Бес жылда бала саны артқан

Соңғы бес жылда Қазақстандағы балалар саны 4,4 пайызға өскен. Бұл елдегі демографиялық өсімнің сақталып отырғанын көрсетеді.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қазақстандық балаларға бақытты балалық шақ, мықты денсаулық пен жарқын болашақ тілейміз.