Instagram-дағы жазбасы үшін медресе ұстазы сотқа шақырылды

Ulysmedia
kazislam.kz

Астана соты Ақтөбедегі жеке медресе колледжінің ұстазы Данияр Тлеубергеновке 86 500 теңге айыппұл салды. Дауға оның Instagram желісінде жариялаған діни материалы себеп, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Медресе ұстазы Данияр Тлеубергеновке ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігімен айып тағылды. Бұл заңда мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіретін ақпарат үшін жауапкершілік қарастырылғаны айтылады. Діни, ұлттық немесе әлеуметтік араздықты қоздыратын материалдарды таратуға болмайтыны жазылған. Сонымен қатар экстремизм мен терроризмді насихаттауға тыйым салынғаны көрсетілген. 

Кейін діни мазмұндағы материалға дінтану сараптамасы жүргізілген. Сараптама қорытындысында желідегі ақпаратты Қазақстан аумағында тарату ұсынылмайтыны анықталды. 

Данияр Тлеубергенов 32 жаста. Түркістан облысы Келес ауданының тұрғыны. Іс материалдарында жұмыс орны Ақтөбе медресе колледжінің ұстазы деп көрсетілген. Желідегі парақшасында өзін магистр, 13 кітаптың авторы деп атаған.

Автор: Ардақ Ерубаева