Астана мен Ұлан-Батыр арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Ulysmedia
Фото: Pixabay.com

2 маусымнан бастап Астана мен  Ұлан-Батыр қалалары арасында әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Көлік министрлігінің хабарлауынша, 2026 жылғы 2 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX үлгісіндегі әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) жиілікпен Астана – Ұлан-Батыр бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашты.

“Сонымен қатар, қазіргі уақытта Моңғолияның Hunnu Air әуе компаниясы Алматы – Ұлан-Батыр бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен тұрақты рейстерді орындайды. Биыл 6 маусымнан бастап аталған бағыт бойынша рейстер саны аптасына 4-ке дейін артады. Осылайша, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы рейстердің жалпы саны 2 әуе бағыты бойынша аптасына 6-ға дейін ұлғаяды”, – делінген хабарламада.

Астана және Ұлан-Батыр қалалары арасында әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.