Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Сенат кулуарында алдағы Құрылтай сайлауын қаржыландыру мәселесіне қатысты пікір білдірді, хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Ол әзірге нақты соманың белгісіз екенін айтты.
«Егер қандай да бір аумақта сайлаушылар саны көбейсе, сайлау учаскелерінің саны да артады. Сәйкесінше, сайлау комиссиясы мүшелерінің қызметіне ақы төлеу үшін қосымша қаржыландыру қажет болады. Сондықтан әзірге нақты күн белгісіз болғандықтан, біз нақты айта алмаймыз», – деді Өтемісов.
Ол сондай-ақ депутаттар мандаттарын тапсыруы тиіс пе деген сұраққа жауап берді.
«Әдетте – тапсырады. Тапсыруы тиіс», – деп нақтылады ОСК мүшесі.
Контекст
Бұған дейін Құрылтайға өту үшін депутаттар кімдермен бәсекеге түсетіні айтылды.