Ауылдастары зорлаған Наташа Қалымбетованың 30 жыл бұрын жоғалған қызына қатысты дерек шықты

Ulysmedia
ulysmedia.kz коллажы

Ауылдастары зорлады делінген Наташа Қалымбетованың 30 жылдан астам уақыт бойы іздеген қызы табылған болуы мүмкін. Бұл туралы «НеМолчи» қоры жетекшісі Дина Таңсәрі желіде жазды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, ақпарат кеңінен тарағаннан кейін командаға көптеген деректер келіп түскен және олар тексерілген. Қыздың фотосы табылып, оны Наташа Қалымбетова бірден таныған. Қолда бар деректерге сәйкес, бұл шынымен оның қызы болуы мүмкін.

Бұған дейін қыз баланы туғаннан кейін АҚШ-тағы отбасы асырап алынғаны айтылған. Қазіргі уақытта қор сол қыз бен оның отбасының жеке өміріне құрметпен қарап, іздеуді тоқтатуды сұрап отыр.

Контекст

2 маусымда “НеМолчи.kz” қорының ұйымдастыруымен Zoom желісі арқылы өткен баспасөз мәслихатында ол 30 жыл бұрын болған тағы бір оқиғамен бөлісті

Наташаны 17 жасында ауылындағы төрт жігіт зорлап, Жайық өзенінің жағасына тастап кеткен. Бұл жөнінде ол биыл наурызда Tik Tok желісінде айтқан. Видео ролик қоғамдық резонанс тудырып, қаралым саны қазір 2 миллионнан асқан. Осыдан кейін Батыс Қазақстан облыстық полициясы 30 жыл бұрынғы зорлау фактісі бойынша іс қозғаған.

Қозғалған іске байланысты Наташа Қалымбетова жақында Тайландтан Орал қаласына келген. Полициямен бірге оқиға болған ауылға барып, түсініктеме берген. Бірақ ол тергеу жүріп жатқандықтан іске қатысты ақпараттарды толық айта алмайтынын жеткізді.

Оның сөзінше, сол уақытта зорлаған төрт жігіттің бірінен аяғы ауыр болып қалған. Бірақ перзентханада баладан бас тартуға мәжбүр болған. Себебі отбасы мен оқу орны тарапынан қысым болған. «Ол кезде барар жер, басар тауым болмады» дейді Наташа.