Қызылорда облысының Шиелі ауданында канал суынан денесі табылған қыз баланың өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті осы ауданның тұрғыны болып шыққан. Қазіргі уақытта ол сот санкциясымен қамауға алынған.
Полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітовтің айтуынша, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.
Істің толық мән-жайы тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.
Контекст
Бұған дейін Қызылорда қаласында із-түзсіз жоғалған алты жасар Медина Мұратбекқызын іздестіру жұмысы екі күннен бері нәтиже бермей жатқанын жазған едік.
Алдын ала мәлімет бойынша ол 5 маусым күні сағат 18:30 шамасында қаланың Рисмаш бөлігіндегі Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан бөгет аумағына ойнауға шығып, содан бері үйіне оралмаған.Кеше 6 жастағы Медина Мұратбекқызы өлі күйінде табылды.