Астанада екі адам қаза тапқан жол апатына қатысты үкім шықты

Ulysmedia
Shutterstock

Астанада екі адамның қаза болуына себеп болған жол апатына оқиғасына қатысты сот үкімі шықты. Қайғылы жағдай 2026 жылдың қаңтар айында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Тергеу мәліметінше, ер адам Түркістан көшесі жағынан Сарайшық көпірі арқылы Момышұлы көшесіне қарай қозғалған. Жылдамдықты төмендетпей келе жатып, ол рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, басқа автокөлікпен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан көліктегі екі жолаушы қаза тапты.

Прокурор соттан айыпталушыға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен Қ. кінәлі деп танылды. Істі қарау барысында оның жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өтегені және олардың кешірім бергені ескерілді. Соған қарамастан, сот оған 5 жылға бас бостандығынан айыру және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.