Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелде жұмыс істегісі келетін азаматтарды алаяқ делдалдардан қорғау мақсатында сенімді жұмысқа орналастыру агенттіктерінің электронды базасы құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Қазір елімізде осындай қызмет көрсететін шамамен 400 агенттік жұмыс істейді. Көші-қон мәселелеріне қатысты жаңа заң жобасы аясында мемлекет олардың қызметін қатаң бақылау құқығына ие болады. QazETA экожүйесі (migration.enbek.kz платформасы) негізінде жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің цифрлық тізілімін іске қосу жоспарланып отыр.
«Жаңа модель азаматтың агенттікті таңдауынан бастап оның шетелде нақты жұмысқа орналасуы мен Қазақстанға оралуына дейінгі барлық үдерістің ашықтығын қамтамасыз етеді. Жеке жұмыспен қамту агенттіктерін тізілімге енгізу мемлекеттік дерекқорлар арқылы біліктілік талаптарына сәйкестігіне, салық берешегінің және сот шектеулерінің жоқтығына автоматты түрде тексерілгеннен кейін электрондық форматта жүзеге асырылады. Адал қызмет көрсететін агенттіктер туралы ақпарат тізілімнің ашық бөлігінде азаматтар үшін толық қолжетімді болады», – деді Көші-қон комитетінің төрағасы Елдар Күзенбаев.
Сонымен қатар цифрлық модель аясында жеке жұмыспен қамту агенттіктері азаматтармен қызмет көрсету шарттарын тек платформа арқылы жасасуға міндеттеледі. Бұл бейресми келісімдер мен жасырын комиссияларды болдырмауға мүмкіндік беруі тиіс. Сондай-ақ бос жұмыс орындарын мониторингтеу жүйесі, шетелдік жұмыс берушілерді верификациялау (оның ішінде ҚР СІМ-мен өзара іс-қимыл арқылы) және құқық бұзушылықтарға жедел ден қою үшін агенттіктерді тәуекел деңгейі бойынша жіктейтін бақылау жүйесі енгізіледі. Осы тәсілдерді әзірлеу барысында Филиппин, Сингапур, Ұлыбритания және Австралияның табысты тәжірибесі жан-жақты зерделенді.
Сондай-ақ агенттіктер азаматтармен келісімшарттарды тек платформа арқылы жасауға міндеттеледі. Бұл бейресми келісімдер мен жасырын комиссиялардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, шетелдегі жұмыс орындарына мониторинг жүргізу, шетелдік жұмыс берушілерді тексеру және тәуекел деңгейіне қарай агенттіктерді бақылау жүйесі енгізіледі.
Соңғы уақытта қазақстандықтардың шетелге жұмысқа орналастыру қызметтерінің сапасына қатысты шағымдары көбейген. Соттарда делдалдардың жұмыс табуға қатысты уәделерін орындамай, нақты көмек көрсетудің орнына формалды әрекеттермен шектелуіне байланысты даулар қаралады