Әлем чемпионаты: Жапония жанкүйерлері матчтан кейін стадионды тазалап кетті

Ulysmedia
Фото: instagram.com/onsoranje/x.com/brfootball

Жапония ұлттық футбол құрамасы жанкүйерлері Нидерландия ұлттық футбол құрамасымен матчтан кейін трибуналарды өздері жинап, тазалап шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Далласта (АҚШ) өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталған. Матчтан соң жапон жанкүйерлері қоқыстың барлығын пакеттерге жинап, стадионды тазалап кеткен.

Жанкүйерлердің бірі бұл әрекеттің себебін тек мәдениет емес, сонымен қатар сыйластықтың белгісі деп түсіндірген. Оның сөзінше, стадионға, ойыншыларға және өзге көрермендерге құрмет көрсету — басты қағида.

FIFA ресми парақшасы бұл әрекетті жоғары бағалап, жапон жанкүйерлерінің әр матчтан кейін осындай тәртіп сақтайтынын атап өткен.

Айта кетейік, 14 маусымнан 15-іне қараған түні Нидерланды құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының F тобындағы бірінші тур матчында Жапония командасымен тең түсті.