Израиль пермьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранмен жасалған келісімге байланысты АҚШ президенті Дональд Трамппен келіспеушіліктер бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
Нетаньяху Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында Вашингтонның ұстанымдарымен әрдайым келісе бермеймінін айтты. Ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Оңтүстік Ливан, Газа секторы мен Сириядан Израиль әскерін шығармайтынын мәлімдеді.
– Президент Трамп екеуміздің көзқарастарымыз әрдайым сәйкес келе бермейді. Ол — Америка Құрама Штаттарының президенті, ал мен — Израильдің премьер-министрімін. Мен Израильдің қауіпсіздік мүдделеріне жауаптымын және бұл міндетті парасатпен атқаруым керек. Мұндай келіспеушіліктер ең тату отбасылардың өзінде де болып тұрады, — деді Нетаньяху.
Контекст
АҚШ пен Иран соғысты тоқтату туралы келісімге 19 маусымда қол қояды деп жоспарлануда. Оған сәйкес, тараптар қақтығысты тоқтатады, Ормуз бұғазын ашып, теңізді бұғаттауды алып тастайды.