Шереметьево әуежайы жұмыс істемейді: Мәскеуге дрондар шабуылдады

Ulysmedia
Фото: Global Look Press

Мәскеуге қайтадан жаппай ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің хабарлауынша, таңғы 4-тен бері астанаға бағытталған 33 дрон атып түсірілген. Қалдықтары құлаған жерде, «Садовод» сауда орталығы аумағында бір ғимараттың аздап зақымданғаны белгілі болды. Оның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

«Люберцыда, Томилинода таңғы 4:20-дан бастап дрондардың жаппай шабуылы жүріп жатыр. Олар өте жақын ұшып жүр, жарылыстар естіледі», –  деп хабарлайды «Осторожно, новости» оқырмандары.

«Таңғы 4-тен бері ұйықтаған жоқпыз. Мәскеу облысындағы Электросталь қаласында 10-ға жуық дрон ұшып өтті. Тура үйіміздің үстімен ұшып жатыр», – деп те жазған жазылушылар.

Шереметьево әуежайында Мәскеу уақыты бойынша 08:30-ға дейін ұшақтарды қабылдау және ұшыруға шектеу қойылды.

Росавиацияның мәліметінше, келіп жатқан рейстер қосалқы әуежайларға бағытталуда. Әуе компаниялары бір күн ішіндегі ұшу кестелері мен рейс жоспарларын өзгертіп жатыр.

Шереметьевода жолаушыларды эвакуациялаған, әуе кемелерінің борттарынан да адамдар шығарылған. Жолаушылар қорғаныс орындарында орналасқан.

Шектеулер алынғанға дейін жолаушыларға автотұрақтардан терминалдарға өтуге рұқсат берілмейді, олар автотұрақ аумағындағы қауіпсіз паналау орындарында болады.