Әйелі көп табыс табатын ер адам өзін қандай жағдайда жайлы сезінеді?

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөз

 Jibek Joly арнасының  «Сенім студиясы» әлеуметтік-психологиялық бағдарламасында әйелдің ер адамнан көбірек табыс табуы сөз болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ 

Жүргізуші студия психологы Серікгүл Сәлиге көрермендердің бірінен келген сұрақты қойды.

“Әйелім менен көп табады. Намыстанныум керек пе? Қазір менен үш есе көп табады. Басында бұған қуандым. Қазір ішімде бір түсініксіз сезім пайда болды. Әйелімді жақсы көрсем де, оның твабысына қуана алмаймын” деген екен ер адам. 

“Қазір табысты күшпен емес, ұйымдастырушылық қабілетпен, біліммен, яғни баспен табамыз. Ал бастың жұмыс істеуі ер адам немесе әйел адам деп бөлінбейді. Сондықтан қазір әйелдер еркектен көп табатын жағдайлар бар. Бірақ ешқандай төлемі, ақысы жоқ атқарылатын жұмыс бар. Бұл баға-шағаға бөлінетін көңіл, уақыт. Кім көп табыс тапса, оның қоғам алдында, жұмыс алдында жауапкешілігі жоғары болады. Сондықтан, оның қолы бос болмайды. Балаларға көбірек қарайтын адам, сол аз табыс табатын адам. Өзін жақсы сезіну үшін балаларды апарып-әкелу, демалыс күнін ұйымдастыру деген секілді жұмыстарды қолына алса, жауапкершілігі ең жоғары жұмыс болып есептеледі. Сондақтан, осы бір міндетті өз мойнына алса, ер адам өзін жайсыз сезінуін қояды”, – деді психолог.