Қазақстандағы ірі тау-кен металлургиялық холдингтердің бірі Eurasian Resources Group басқару құрылымын жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Компанияның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, енді менеджерлер кеңесінде Қазақстан тарапынан төрт өкіл жұмыс істейтін болады. Бұл өзгеріс акционерлер арасындағы ірі мәмілелер мен компания ішіндегі басқару құрылымының қайта қаралуынан кейін қабылданған шешім ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі топ-менеджмент төрт адамнан тұрады:
Шухрат Ибрагимов — компанияның негізін қалаушы марқұм Әлиджан Ибрагимовтың ұлы. Ол төраға қызметін сақтап қалған.
Шахмұрат Мүтәліп — жаңа ірі акционер. Ол Integra Construction иесі, сондай-ақ 2026 жылғы Forbes Kazakhstan дерегіне сәйкес 482 млн доллар байлығымен 22-орында тұр.
Нұрлан Жақыпов — Самұрық-Қазына қорының басқарма төрағасы. Ол кеңес құрамында Мәди Тәкиевтің орнына кірген.
Роман Скляр — мемлекет атынан өкіл ретінде өз орнын сақтап қалған. Ол үкіметтің ERG ішіндегі 40% үлесін білдіреді.
Контекст
Бұған дейін Қазақстандағы ірі алтын өндіруші "Алтыналмас" компаниясы Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» кенішін өз иелігінен шығарғаны хабарланды. Қазіргі уақытта “Алтыналмас” компаниясын кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп сатып алып жатыр.