Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады

Сырым Қаржас
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 22-23 маусым күндері Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сапар аясында Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған.

– Тараптар  Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар бағдарламасында Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу қарастырылған.

Сонымен қатар мемлекет басшысы ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін "Қазақстан – ЕО" дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді.