Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Болгарияның Хасково қаласында өткен W50 санатындағы турнирдің жұптық сыны финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Топырақ төсенішіндегі жарыста қазақстандық спортшы украиналық Валерия Страховамен жұп құрады. Олардың дуэті турнирде бірінші нөмірмен тіркелген болатын. Чемпиондық атақ үшін өткен кездесуде Жібек пен Валерия Грекия өкілі Марта Матула мен АҚШ теннисшісі Хиба Шейхке қарсы ойнады.
Матч екі сетке созылып, Құламбаева мен Страхованың 6:0, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, 2026 жылы Жібек Құламбаева Үндістанда өткен ITF W15 турнирінің жекелей сынында чемпион атанып, сондай-ақ ITF W15 және W50 санатындағы жарыстарда жұптық разрядта екі титул жеңіп алған болатын.