Әскерден мүгедек боп оралған Ербаян Мұхтар қайтыс болды

Ulysmedia

Әскерде жүріп ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар көз жұмды. Бұл туралы оның анасы Гүлсім Қамиева хабарлады.

Марқұм соңғы уақытқа дейін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығында ем қабылдап жатқан болатын. 

Еске салсақ, Ербаян Мұхтар әскери қызмет кезінде ауыр жарақат алып, кейін ұзақ уақыт бойы емделген еді. Оның жағдайы қоғамда кеңінен талқыланып, қазақстандықтар әскери бөлімдегі оқиғаның мән-жайын анықтауды талап еткен болатын.

Қазіргі уақытта оқиғаның өзге мән-жайы нақтыланып жатыр. Ulysmedia.kz редакциясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.