Францияда Эбола вирусын жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, инфекция Конгоға гуманитарлық сапармен барып қайтқан дәрігерден анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Euronews хабарлауынша, науқас елге келген бойда бірден шара қабылданған. Ол ауруханаға жеткізілген.
Қазір дәрігермен байланыста болуы мүмкін адамдар анықталып жатыр. Егер ондайлар табылса, олар үш аптаға үй карантиніне жіберіледі.
Конгодағы жағдайға келсек, мамыр айының ортасынан бері 1000-нан астам жұқтыру жағдайы тіркеліп, 254 адам қайтыс болған. Бұл — эпидемияның алғашқы айындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Эпидемияның негізгі ошағы – Итури провинциясы. Бұл аймақта қарулы қақтығыстарға байланысты адамдардың жиі көшіп-қонуы дәрігерлердің жұмысын айтарлықтай қиындатып отыр.
Сондай-ақ, босқындар лагерлеріндегі жағдай ерекше алаңдатады. Онда адамдардың өте тығыз орналасуы инфекцияның тез таралуына себеп болып отыр.
Эбола ауа арқылы жұқпайды, ол тек ауру адамның биологиялық сұйықтықтарымен жұғады. Соған қарамастан, Еуропаның көптеген елдерінде мұндай жағдайларға арналған өте қатаң оқшаулау протоколдары бар. Бұл шаралар жергілікті деңгейде инфекцияның таралу қаупін айтарлықтай төмендетеді.