Сот, неке шарты мен алимет дауы: Кәсіпкер Жұмабек Жанқұловтың бұрынғы әйелі үндеу жасады

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Кәсіпкер Жұмабек Жанқұловтің бұрынғы әйелі Жанна Жанкұлова күйеуімен ажырасқаннан кейінгі сот дауына байланысты үндеу жасады. Оның айтуынша, мәселе неке шарты мен алимент төлеуге қатысты болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Жанна Жанқұлованың сөзінше, күйеуімен ажырасуына оның үздіксіз опасыздық жасап, көзіне шөп салуы және тоқалдар себеп болған. Некеде болған уақытта неке шартына байланысты ешқандай мәселе болмаған. Ол Жұмабек Жанқұлов үйленгеннен кейін басталған.

– Ажырасуымызға оның үздіксіз опасыздығы мен тоқалдары себеп болды, – деді ол. 

Жанқұлова қазіргі уақытта Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты неке шартын және алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану туралы азаматтық істі қарап жатыр дейді. 

24 маусымда өткен сот отырысында судья Жанна Жанқұлованың қорғау тарапы түсірген бірнеше өтінішхатты қанағаттандырмаған. Өтінішхаттардың бірі бұрынғы жұбайының табысына қатысты болған.

– Судья біздің бірде-бір өтінішхатымызды қанағаттандырған жоқ. Соның бірі табысқа қатысты болды. Біз салық органдарынан алынған ресми жауаптарды ұсындық. Тек Karazhal Operating компаниясының өзінде соңғы үш жылдағы табыс 20 миллиард теңгеден асқан. Ал мұндай компаниялар саны – 18. Алайда судья бұл жайтқа назар аудармады», – деді Жанқұлова.

Осыдан кейін Жанқұлованың адвокаты судьяға сенімсіздік білдіріп, өтінішхат түсірген.

Жанна Жанқұлова бұрынғы күйеуі активтерін қорғап қалу үшін барын салады деп қауіптеніп отыр. Сол себепті де бейнеүндеу жасауға шешім қабылдаған.

– Бұрынғы жұбайымның әкімшілік және материалдық мүмкіндіктерін жақсы білемін әрі түсінемін. Сондықтан оның өз активтерін сақтап қалу үшін барлық мүмкіндігін пайдалануы ықтимал деп есептеймін. Осыған байланысты жұртшылыққа және сот жүйесіне қатысы бар лауазымды тұлғаларға үндеу жасаймын. Менің ісім бақылауда болып, сот процесі объективті әрі әділ өтсе екен деймін, – деді ол.

Жанна Жаманқұлованың айтуынша, бұрғынғы күйеуімен арада бес баласы бар. Жұмабек Жаманқұловапен 20 жыл отасқан. 

Бұл мәселеге қатысты Ulysmedia.kz Жұмабек Жанкұловтан пікір сұрады. Кәсіпкер бұл іске қатысты өз ұстанымын кейінірек жариялайтынын айтты.

Контекст

Жұмабек Жанқұлов – Қазақстандағы белгілі кәсіпкерлердің бірі. Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша елдің ең дәулетті бизнесмендерінің қатарына кіреді.

Ол Karazhal Operating компаниясының иесі. Сонымен қатар Saryopan Operating жобаларына, Тараз металлургия зауытына және Nova Medical Centre медициналық орталықтар желісінде үлесі бар.

Forbes Kazakhstan мәліметінше, Жанқұловқа қатысы бар кәсіпорындардың жалпы жылдық айналымы шамамен 100 миллиард теңгеге бағаланған.

Өткен жылы Жұмабек Жанқұлов тележүргізуші Динара Сәтжанға үйленген.

Бұған дейін Динара Сәтжан Әсел Әулбековаға берген сұхбатында Жұмабек Жанқұловпен некесі туралы айтқан болатын. Оның сөзінше, екеуі танысқан кезде Жұмабек Жанқұлов бұрынғы әйелімен ресми түрде ажырасқан. Ажырасудың өзі 2023 жылы рәсімделген.

Сұхбат барысында тележүргізуші неке шарты мәселесіне де тоқталған. Ол өзі мен Жұмабек Жанқұлов арасында неке шарты жасалмағанын айтқан. Соған қарамастан, мұндай құжаттың болғанын құп көретінін жеткізіп, әсіресе ол әйелдердің құқықтарын қорғау мен некедегі қаржылық жауапкершілікті айқындау тұрғысынан маңызды деген.