Жетісу облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Ulysmedia
скриншот

Жетісу облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Жол апаты 26 маусым күні кешке Алматы-Өскемен тас жолының 432 шақырымында болған. Апат салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Тағы екі жолаушы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Жол апатына байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.