Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан халық партиясы төрағалығынан кетті. Оның орнына Нұсұлтан Шоқанов сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
2022 жылдан бері Қазақстан халық партиясының төрағасы болған Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті. Оның орнына партияның кезектен тыс сьезінде төраға болып Нұрсұлтан Шоқанов сайланды. Бұған дейін ол Алматы мәслихатының депутаты болған және партияның қалалық филиалын басқарған.
Бұдан өзге партия жарғысының жаңа редакциясын бекітіп, фирмалық стилін де жаңартты.
Партия өкілдерінің айтуынша, бұл өзгерістер ұйым ішіндегі тәртіпті күшейтіп, саяси бірлестіктің жұмысын жаңғыртуға бағытталған.
Ермұхамет Ертісбаев әр жылдары мәдениет және ақпарат министрлігін басқарған, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтің кеңесшісі қызметін атқарған.
Назарбаевпен ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс істегеніне байланысты Ертісбаевты саяси ортада бейресми түрде «Назарбаевтың бұлбұлы» деп те атайды.
Контекст
Бұған дейін «Ақ жол» және «Ауыл» партияларының да төрағалары ауысқан. Ал биліктегі «Аманат» партиясы жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылып, мүлде өз-өзін жойып жіберген.