АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің бейнесі бар Американың 250 жылдығына орай шектеулі таралыммен шығарылатын мерейтойлық арнайы паспорттың макетін таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
Дональд Трамп жаңа паспорттың суретін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Паспорттың бір бетінде АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясы мәтінінің фонында Трамптың портреті бейнеленген. Төменгі бөлігінде президенттің қолтаңбасы қойылған.
Екінші бетте тарихи құжатқа қол қою сәтін бейнелейтін әйгілі «Declaration of Independence» картинасы орналастырылған.
– АҚШ-тың жаңа паспорты. Қош келдіңіздер, бірақ тәртіп сақтаңыздар, – деп жазды Трамп.
Кейін дәл осы эскизді Ақ үй де жариялап, АҚШ-тың 250 жылдығына арналған мерейтойлық паспорт деп атады.
Алайда құжаттың соңғы дизайны әзірге ресми түрде бекітілмеген.
Ақ үй бұл мәселеге қатысты сауалдарды АҚШ Мемлекеттік департаментіне жолдаған. Ал ведомство әзірге дәл осы нұсқа түпкілікті дизайн болатынын растамаған.