Ресей үш елмен шекарадағы бірқатар теміржол өткізу бекеттерін жапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
1 шілдеден бастап Ресей билігі Финляндия, Латвия және Эстониямен шекарадағы кейбір теміржол өткізу бекеттері арқылы шекарадан өтуді уақытша тоқтатты. Тиісті өкім Ресей үкіметі тарапынан жарияланды.
УАҚЫТША ЖАБЫЛҒАН ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІ:
Карелиядағы Вяртсиля және Люття (Ресей-Финляндия шекарасы);
Ленинград облысындағы Выборг және Светогорск (Ресей-Финляндия шекарасы);
Псков облысындағы Печоры-Псковские (Ресей-Эстония шекарасы);
Псков облысындағы Пыталово (Ресей-Латвия шекарасы).
Шекара өткелдері арқылы қозғалыстың қашан қайта жанданатыны әзірше нақтыланбаған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан да мемлекеттік шекарада бақылауды күшейткен. Тиісті тапсырманы премьер-министр Олжас Бектенов берген еді.