Доллар қайтадан 440 теңгеден асты

Ulysmedia.kz коллажы

30 қыркүйектегі Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 440 теңгеден асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бағам өзгерді

Сауда қорытындысында доллар 0,28% қымбаттап, 440,49 теңгеге жетті. Алдыңғы күні америкалық валюта 439,27 теңгеге дейін арзандаған еді. Осылайша, бір күнде доллар бағасы 1,22 теңгеге өсті.

Бұған дейін доллар бағамы қатарынан екі сауда күнінде төмендеген еді. 25-29 қыркүйек аралығында америкалық валюта 442 теңгеден 439,27 теңгеге дейін арзандады.

Басқа валюталар

30 қыркүйекте еуро 0,19% қымбаттап, 499,74 теңгеге жетті.

Рубль айтарлықтай өсіп, 0,68% қымбаттады. Оның бағамы 5,2381 теңге болды.

Юань 0,31% өсіп, 65,6511 теңгеге жетті.