Астанада LRT қозғалысы түтінге байланысты уақытша тоқтап қалды

Ulysmedia
City Transportation Systems

Астанадағы LRТ желісінде қысқа тұйықталу болып, пойыз қозғалысы уақытша тоқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Сығанақ көшесі бойындағы LRT жолының бойымен өтетін электр кабелі өртенген. Бұған дейін куәгерлер түтінді байқап, рельстерде қысқа тұйықталу болғанын хабарлаған.

ТЖМ қызметкерлері электр қуаты ажыратылғаннан кейін өртті жедел сөндірді. Өрттің жалпы аумағы – шамамен 1 шаршы метр.

ҚОЗҒАЛЫСҚА ӘСЕРІ

Оқиға салдарын жою жұмыстары кезінде Tarlan Astana пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қысқа тұйықталудың нақты себебі әзірше хабарланған жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы LRT жүйесіне жаңа атау беріліп, ол «Tarlan Astana» деп аталды. Тиісті қаулыға қала әкімі Жеңіс Қасымбек қол қойды.