«Қазақтелеком» өз акцияларының 24%-ын Kcell-ға сатпақ

Ulysmedia

«Қазақтелеком» мажоритарлық акционер мәртебесін сақтай отыра Kcell-ге өз акциясының 24%-ын сатпақ, дейді ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

kapital.kz-нің хабарлауынша, болжам бойынша, қазақстандық ұялы байланыс операторының үлесі Jusan Bank-ке жақын компаниялар тобы ішінде бөлінеді. Дереккөзге сәйкес, мәміле өткен аптада аяқталуы керек еді. Сатып алу сомасы ресми құжаттарға қол қойылғаннан кейін белгілі болады.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, 1 шілдедегі жағдай бойынша Kcell акционерлік капиталындағы «Қазақтелекомның» үлесі 75%-ды құрады. Осы уақытта ұялы байланыс операторының 7,06% акциясы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ға тиесілі болған. Қалған акцияның 17,94%-ы миноритарлық акционерлердің бірқатарына тиесілі болды.

Сондай-ақ, мамыр айының соңында Kcell өзінің акционерлеріне 2020 жыл үшін 17,6 млрд теңге немесе бір акцияға 87,89 теңге мөлшерінде дивиденд төлеген.