Қазақстандық екі бірдей компания Еуроодақ санкциясына ілікті

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

Еуроодақ Ресейге қарсы қабылдаған санкциялардың 21-пакетінде Қазақстанның да екі компаниясы бар, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Еуроодақ Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектескен 51 компанияға шектеу енгізді. Оның ішінде Қазақстанның «ТауКЗ» және «BR Tekhnologi» компаниялары бар.

Ашық дереккөздегі ақпаратқа қарағанда, машина және өзге де құрал-жабдықтардың көтерме саудасымен айналысатын «ТауКЗ» компаниясы 2023 жылы Астана қаласында тіркелген. Ал «BR Tekhnologi» компаниясы 2024 жылы Петропавлда тіркелген. Ол да әртүрлі тауарлардың көтерме саудасымен айналысады.

Санкциялық тізімге Ресейдің 24, Қытайдың 14 (оның ішінде 4 компания Гонконгте тіркелген), Түркияның 4, Қырғызстанның 3, Үндістан мен БАӘ 2 компаниясы санкциялық тізімге енген.

Санкцияға іліккен компаниялар Батыс елдеріндегі кез келген жоғары технологиялық тауарларды тікелей сатып ала алмайды. Банктер доллар немесе еуромен жасалатын сыртқы төлемдерін бұғаттайды. Ірі логистикалық операторлар жүктерін тасымалдаудан бас тартады.