Астанада жеңіл көлік адамдар жүрген көкөніс павильонына соғылды

Ulysmedia
әлеуметтік желі

Астанада жеңіл көлік көкөніс сататын павильонға соғылып, салдарынан 15 жастағы қыз бала зардап шекті. Оқиға орнындағы кадрлар әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астана полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Бөлекпаев көшесінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Accent көлігін тізгіндеген 18 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, сауда павильонына соғылған.

Жол апаты болған сәтті көкөніс павильонының ішінде 15 жастағы жасөспірім болған. Ол жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

– Оқиға салдарынан сауда павильонының ішінде болған 15 жастағы қыз зардап шекті. Ол медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті көмек көрсетіліп жатыр, – деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр. Ведомство мәліметінше, апаттың барлық мән-жайы анықталып, содан кейін процессуалдық шешім қабылданады.