Тоқаев Путинмен кездесу үшін Омбыға барды

Ulysmedia
Ақорда

Мемлекет басшысы ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды. Сапар аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу де жоспарланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко және басқа ресми тұлғалар күтіп алды.

Омбыда Путинмен кездесу өтеді

Бұған дейін Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапар барысында Владимир Путинмен кездесетінін хабарлаған еді. Ресей президенті де форумға қатысу үшін Омбыға келеді.

Іс-шара 24 және 25 шілде күндері өтеді. Бағдарламаға жастар форумы, екі елдің іскерлік кеңестерінің отырысы, іскерлік байланыстар алаңы, сондай-ақ, мәдени және көрме шаралары енгізілген.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумы мемлекет басшыларының қатысуымен 2003 жылдан бері өткізіліп келеді.