Өскеменде 22 жастағы мерзімді әскери қызметші Айқын Мархан іздестіріліп жатыр. Оған іздеу салынғаны туралы ақпарат жергілікті пабликтерде тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Ондағы мәліметке қарағанда, 2004 жылы туған әскери қызметші Өскеменде орналасқан №27943 әскери бөлімінде борышын өтеген.
Алдын ала мәлімет бойынша, 23 шілде күні сағат 06:30 шамасында ол зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасында тәуліктік кезекшілікте болған. Осыдан кейін мерзімді қызметші әскери бөлім аумағынан өз еркімен кетіп, белгісіз бағытқа жол тартқан. Содан бері оның қайда екені белгісіз.
БЕЛГІЛЕРІ
Айқын Марханның бойы – 177 сантиметр, салмағы шамамен 80 келі. Шашы қысқа, қара түсті, көзі қара. Бетінде меңдері бар.
Жоғалған сәтте ол әскери дала киімінде болған деген болжам бар. Кейін азаматтық киімге ауысуы мүмкін.
Айта кетейік, әскери қызметшінің жоғалуына қатысты Қорғаныс министрлігінің ресурстарында ешқандай ақпарат жарияланбаған.