Ертең еліміздің тоғыз өңірінде қатты жел, тұман, көктайғақ болады

Ulysmedia

11 ақпанда еліміздің тоғыз облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Атырау қаласында да тұман  болады.

Түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман байқалады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында тұман болады деп болжанады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман байқалады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда, тіпті 30 м/с дейін жетеді. Таразда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, тіпті 30 м/с дейін жетеді.

Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында боран борайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарында тұман болады. Таңертең және түстен кейін облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал тау асуларында 23-28 м/с, кейде 30 м/с-ға дейін жетеді. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі, таңертең және түстен кейін облыстың орталығында,  оңтүстігінде көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін облыстың оңтүстігінде, орталығында батыстан, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада таңертең және түстен кейін көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік батыстан таңертең және түстен кейін 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Ақтөбе облысының батысында тұман болады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында қарлы боран болады деп күтіледі. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында қарлы боран болады деп болжанады.