Астана әуежайы монополиялық жағдайын пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды

Ulysmedia
the-passenger.de

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тергеп-тексеру барысында әуежайдың тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие бола отырып, авиациялық отын жеткізушілерден реттелмеген алым өндіргені анықталды. Бұл ретте жеткізушілердің көрсетілген талаптардан бас тарту немесе баламалы қызмет жеткізушісін таңдау мүмкіндігі болмаған.

– Тергеп-тексеру барысында аталған алым мөлшерінің кезең-кезеңімен бір тонна үшін 16 240 теңгеден 77 852 теңгеге дейін, кейіннен 60 137 теңгеге дейін өзгертілгені анықталды. Бұл нарық қатысушыларының қаржылық жүктемесінің артуына және түпкілікті тұтынушылар үшін авиациялық отын құнының өсу тәуекелдеріне әкелген, – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның әрекеттері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабына сәйкес монополиялық жағдайды теріс пайдалану ретінде сараланды.

Тергеп-тексеру қорытындылары бірінші сатыдағы сотпен заңды деп танылды.