Кейінгі күндері күрт өзгерген доллар бағамы бүгін бір деңгейде қалып, айтарлықтай ауытқыған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БАҒАМ БІР ДЕҢГЕЙДЕ ҚАЛДЫ
29 шілдедегі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 477,01 теңге болды. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 476,99 теңге еді.
Еуро бағамы сәл төмендеп, 542,41 теңге болды.
Ал рубль айтарлықтай арзандады. Ол 1,45%-ға төмендеп, 6,0060 теңгеге түсті.
КОНТЕКСТ
Кейінгі күндері доллар бағамы күрт құбылды. 23 шілдедегі 466,22 теңгеден болып, 24 шілдеде 475,98 теңгеге дейін шарықтап, 28 шілдеде 476,99 теңгеге жетті. Ал бүгінгі саудада бағам іс жүзінде өзгеріссіз қалып, 477,01 теңге болды.