Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әлия Мақаеваға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бір аптаға жуық уақыт бойы полиция полковнигінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Таратылған мәліметтерде Әлия Мақаева заңсыз көші-қон ұйымдастыру ісі бойынша күдікке ілінгені айтылған.
ҰҚК РАСТАДЫ
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.
– Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – делінген ҰҚК 2026 жылғы 3 тамыздағы ресми хабарламасында.