«Отырардың күйреуі» мен «Абайды» түсірген режиссер өмірден өтті

Ulysmedia
Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» фильмдері арқылы танылған белгілі режиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қаралы хабарды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі естіртті.

–  Ардақ Жамансарыұлының жарқын бейнесі, өнегелі ғұмыры мен қазақ мәдениеті мен кино өнерінің дамуына сіңірген елеулі еңбегі халық жадында мәңгі сақталады, – делінген министрлік хабарламасында.

Ардақ Әмірқұлов кім?

Ардақ Жамансарыұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлттық кино өнерін дамытуға арнады. Ол режиссер ғана емес, білікті ұстаз әрі тәлімгер ретінде бірнеше буын киногерлердің қалыптасуына үлес қосты.

Режиссердің «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» және басқа да фильмдері қазақ киносының алтын қорына енді. Оның шығармаларында ел тарихы, халықтың рухани құндылықтары мен адам тағдыры терең суреттелді.

Ардақ Әмірқұловтың шығармашылығы көрермендер мен кәсіби кино ортасының жоғары бағасына ие болды.