Астана қаласының полиция департаменті күн райына байланысты жолдағы қозғалыс қауіпсіздігіне сақ болуды ескертеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тек кейінгі бір тәулікте шамамен 181 материалдық шығын келтірілген жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Жолды кесіп өтуде ережені сақтамаған 11 жаяу жүргіншіні көлік қағып, олар жарақаттанды.
Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 3 адам қаза тауып, 39 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.
Елордалық полицейлер 16 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті, 213 мас жүргізуші ұсталды, 1 600-ден астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.
Мемлекеттік нөмірлері жалған 13 жүргізуші және мемлекеттік нөмірлері жоқ көлікті басқарғаны үшін 86 жүргізуші ұсталды.